Тұрғындар тәулік бойы кез келген жерде өздерін қауіпсіз сезінуі тиіс – Сағынтаев

29 Шілде 2019, 20:12
1524
Бөлісу:
Тұрғындар тәулік бойы кез келген жерде өздерін қауіпсіз сезінуі тиіс – Сағынтаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың Полиция департаментімен қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Оның айтуынша, аталған мәселені 4 шілдеде қоғамдық кеңес көтерген.

"Полиция департаменті учаскелік пункттерге жүргізілген тескеру нәтижесін баяндады: стационарлы ПУП санын ұлғайтып, қосымша мобилді топтарды құрған жөн. Қаланың қауіпті аймақтарының картасы, жаяу және автомобильді патрульдің сызбасы жасалды. Аулалар мен жарығы жоқ көшелерді назарға ала отырып, оны толықтырған жөн. Енді қолда бар сараптаманың негізінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram желісіндегі парақшасында

Қала басшысы әкімдік тарапынан лайықты қолдау көрсетілетінін айтты. 

"Тұрғындар тәулік бойына кез келген жерде өздерін қауіпсіз сезінулері тиіс", - деп сөзін түйіндеді ол.


Өзгелердің жаңалығы