Тұрғындар дамбы құрылысына кедергі келтіріп жатыр

18 Сәуір 2024, 14:21
1118
Бөлісу:
Тұрғындар дамбы құрылысына кедергі келтіріп жатыр
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Атырауда жағалаудағы үйлердің тұрғындары дамбы құрылысына кедергі келтіріп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жайық жағалауына тым жақын орналасқан жеке тұрғын үй секторының тұрғындары құрылыс жұмыстарына кедергі келтіріп тұр.

Атырау қаласы аумағында Жайық өзені жағалауын бекіту жұмыстары жүргізілуде. Кейбір бөліктегі жоспарланған жұмыстар аяқталып, қауіпті деген аймақтарға арнайы техникалар көбейтіліп жатыр. Кей тұрғындар өз аулаларын бұздыртып бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілуіне қарсы.

Бүгін қала әкімі Шәкір Кейкин Сельстрой шағын ауданындағы Халелова көшесінің тұрғындарымен кездесті. Жайық жағалауына тым жақын орналасқан 29 тұрғын-үй иелері өз аулаларын бұздыртып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге қарсылықтарын танытты.

Қала әкімі шешімімен бөгет тұрғын-үйлер алдындағы тас жолдың үстінде тұрғызылатын болды. Бұл шешіммен аталған көше тұрғындары толық келісті. Тұрғындар тұрғын-үй секторында тасқын судан қорғану мақсатында өз күштерімен қорғаныс бөгеттерін тұрғызуда. Оларға әкімдік тарапынан қажетті құрылыс материалдыры мен әскер бөлінетін болады. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі мақсатында құрылыс жұмыстарына кедергі келтірмей, түсіністік танытуларыңызды сұраймыз, - делінген Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы