Тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты жандандыру қажет - Оспанов

14 Қазан 2022, 19:03
1193
Бөлісу:
Тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты жандандыру қажет - Оспанов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов Шымкентке жұмыс сапары барысында қала активімен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, вице-министр жұмыспен қамту саласындағы жаңа саясат, Отбасының цифрлық картасын енгізудің оң әсері туралы айтып, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін трансформациялау және азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін талқылады.

Іс-шараға облыстық мәслихат өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, облыс аудандарының әкімдері қатысты.  

Ербол Оспанов өз сөзінде халықты жұмыспен қамтудың жаңа саясатына және азаматтарды жұмысқа орналастыруға ерекше назар аударды.

Халықты жұмыспен қамтудың жаңа саясаты азаматтардың жекелеген осал санаттарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесуден еңбекке қабілетті азаматтардың барлық санаттарын нәтижелі жұмыспен қамту үшін тең бастапқы жағдайлар жасауға көшуді көздейді, – деді ол.

Вице-министр Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде жұмыс күшінің кәсіби дағдыларын күшейту, икемді жұмыспен қамтудың барлық түрлерін заңнамалық бекіту және реттеу, технологиялар мен білім трансферті үшін білікті кадрларды тарту, ішкі көші-қонды реттеу, жұмыспен қамту орталықтарын мансап орталықтарға трансформациялау және қызметтерді ауқымды цифрландыру көзделіп отырғанын атап өтті.

Ербол Оспанов жергілікті биліктің назарын халықты жұмыспен қамтуға аударды. Вице-министр осы жылдың 9 айында Шымкентте 16,4 мың адам жұмысқа орналастырылғанын, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы бос орындарға – 9,1 мың адам орналастырылғанын, белсенді жұмыспен қамту шараларымен – 5,1 мың адам қамтылғанын, Ұлттық жобалар шеңберінде – 2,2 мың адам жұмысқа орналастырылғанын атап өтті.

Жұмыс орындарымен қамту мониторингін жүргізу тәртібіне сәйкес азаматтарды жұмысқа орналастыру олар үшін міндетті зейнетақы аударымдарымен расталатынына назар аударғым келеді. Өңірде бұл көрсеткіш 70%-ды құрайды. Сондай-ақ, мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына биыл Шымкентте 5 029 адам жұмысқа орналастырылғанын, оның ішінде 1 207 адам қатысқанын, ал аяқталғаннан кейін 121 адам ғана жұмысқа орналастырылғанын атап өткім келеді. Тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты жандандыру қажет, – деп атап өтті вице-министр.

Кездесу барысында Ербол Оспанов Отбасының цифрлық картасын енгізудің оң әсері туралы айтып, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін трансформациялау және азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін талқылады.

Өзгелердің жаңалығы