Тұрақтандыру қорының өнімдері арнайы белгісі бар чекпен сатылады

20 Ақпан 2024, 11:45
345
Бөлісу:
Тұрақтандыру қорының өнімдері арнайы белгісі бар чекпен сатылады
Фото: gov.kz

Бұл – облыс тұрғындарына "Ұлытау" ӘКК есебінен беріліп жатқан тауарларды ажыратуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
 

Аппарат жиынында Берік Әбдіғалиұлы аталған бастаманы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына Ұлытау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен бірлескен түрде жүзеге асыруды тапсырды.

Қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында тұрақтандыру қорынан беріліп жатқан өнімдердің баға айырмашылығы тұтынушыларға көрініп тұруы қажет. Бұл – бағаны негізсіз көтерудің алдын алады. Сондай-ақ, қала, аудан әкімдеріне өңірдегі кәсіпкерлерді қайта түгендеу, дислокация жұмыстарын жүргізуді тапсырамын,-деді өңір басшысы өз сөзінде.

Сондай-ақ жиында бағаны қалыпта ұстап тұру үшін азық-түлік өнімдерін сатып алу мақсатында кәсіпкерлерге берілетін 0.01%-дық несиенің қолжетімді екені айтылды. "Ұлытау" ӘКК тарапынан айдың соңына дейін облыстағы сауда желісімен келісім орнайтыны айтылды.

Өзгелердің жаңалығы