Бұдан былай айыппұл туралы Telegram-bot арқылы білуге болады

7 Ақпан 2019, 17:38
3520
Бөлісу:
Бұдан былай айыппұл туралы Telegram-bot арқылы білуге болады

Астана, BAQ.KZ. @EgovKzBot мессенджерінде тағы да 4 қызмет пен сервис іске қосылды. 

Енді боттың көмегімен азаматтар:

·бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының келіп түсуі мен қозғалысы туралыақпаратты;

·бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірісті ескере отырып) жай-күйі туралы ақпаратты;

·шетелге шығу шектелген борышкерлер тізілімі және атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізілімі бойынша шетелге шығуға тыйым салудың болуын тексере;

·тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет ала алады.

Онлайн режимінде ақпарат алу механизмі өте қарапайым және азаматтардың уақытын айтарлықтай үнемдейді.
 

 «Азаматтарға өз гаджетінде Telegram мессенджерінде қызметтер мен сервистерді пайдалану үшін «Мобильді азаматтар базасында» тіркелу қажет, яғни порталдың жеке кабинетінде өз телефон нөмірін байлау қажет eGov.kz ескерту. Бұдан әрі бот-та іске қосуды жүзеге асыру (іздеу жолына @EgovKzBot деп енгізу). Алдын ала анықталған командаларды жіберу арқылы қажетті қызметтер мен сервисті таңдау, қажетті деректерді енгізу және мобильді нөмірге жіберілген бір реттік паролді енгізу арқылы қызметтер мен сервисті алуды растау арқылы алуға болады» - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетова. 

Бүгінгі күні Telegram-бот арқылы қолжетімді қызметтер мен сервистер саны 24 автоматтандырылған мемлекеттік қызметке жетті. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жоғарыда көрсетілген қызметтер мен сервистерді алу мүмкіндігі электрондық үкімет порталында ұсынылған eGov.kz қосымшасы арқылы жүзеге асырылып келген болатын.

Өзгелердің жаңалығы