Тұрақтандыру қорында 8 млн дәрілік препараттан тұратын азайтылмайтын қор құрылды

7 Желтоқсан 2020, 13:21
1226
Бөлісу:
Тұрақтандыру қорында 8 млн дәрілік препараттан тұратын азайтылмайтын қор құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының арнайы Тұрақтандыру қорында 8 млн дәрілік препараттан тұратын азайтылмайтын қоры құрылды.

ОКҚ алаңында өткен брифингте Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистегі клиникалар мен дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығын ескерту шаралары туралы айтты

Бақытжан Сағынтаевтың мәліметінше, тұрақтандыру қорын құру үшін 10 млрд тг бөлінді. Оның 5 млрд тг ауруханалар мен емханаларды дәрі-дәрімекпен қамтамасыз етуге, 5 млрд тг дәріханаларды дәрілік препараттармен үздіксіз қамтамасыз етуге арналған. Бүгінгі таңда 68 атау бойынша азайтылмайтын ең төменгі қор 8 млн дәрілік препаратты құрайды.

Сонымен бірге, жеке қорғаныш құралдарының екі айлық қоры құрылған. 4,7 млн ЖҚҚ бар, «СК-фармациядан» 4,6 млн ЖҚҚ келіп түсуі күтілуде. Сонымен қатар, қалада күнделікті қуаты 1 млн бірлікті құрайтын медициналық бетперделер өндірісі жолға қойылған.

Өзгелердің жаңалығы