«Тур де Ски». Ксения Шалыгина 63-орын

1 Қаңтар 2022, 14:24
1064
Бөлісу:
«Тур де Ски». Ксения Шалыгина 63-орын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оберстдорфтағы «Тур де Ски» жарысының үшінші кезеңі аясында әйелдер арасындағы еркін жүріспен 10 шақырымдық масс-старт бойынша бәсеке аяқталды.

Olympic.kz-тің мәліметінше еліміздің спортшылары арасында Ксения Шалыгина мәреге 63-ші болып жетті.

Көпкүндіктің жалпы қорытындысы бойынша Ксения жарыс көшбасшысынан 7 минут 8 секундқа артта қалып, 64-ші орынға жайғасты.

Масс-старт. 10 км. Еркін жүріс. Әйелдер

1. Джессика Диггинс (АҚШ) - 21: 30,8

2. Фрида Карлссон (Швеция) +0,5

3. Татьяна Сорина (Ресей) +0,8

... 63. Ксения Шалыгина (Қазақстан) +2: 47,0

Өзгелердің жаңалығы