Тұншықтырып, көлікке сүйреген: Астанада тапа-тал түсте бойжеткенге шабуыл жасалды

13 Ақпан 2024, 01:13
2153
Бөлісу:
Тұншықтырып, көлікке сүйреген: Астанада тапа-тал түсте бойжеткенге шабуыл жасалды
Фото: Артём Чурсинов -архив

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адам бойжеткенге шабуыл жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желіде тапа-тал түсте ер адамның бойжеткенге шабуыл жасап, жанындағы тұрақта тұрған автокөлікке қарай сүйрей жөнелген бейнежазба тарап жатыр. Бойжеткен қатты айғайлағанымен оған ешкім көмекке келмейді.

Оқиға 12 ақпан күні Құдайбердіұлы көшесінде орналасқан «Ұлан» ТК-де болғаны айтылуда.

Астана қалалық Полиция департаменті бұл деректі растады және ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Басқа ақпарат тергеу амалдарына байланысты таратуға жатпайды, - деді ПД.

Өзгелердің жаңалығы