Тұмау жұқтырудан қалай сақтанамыз?

9 Қараша 2022, 13:20
1283
Бөлісу:
Тұмау жұқтырудан қалай сақтанамыз?

Тұмаудың алдын алу үшін не істеу керек? Бұл туралы «Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанова мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Кез келген басқа вирустық инфекция (ЖРВИ, аденовирустық инфекция және басқалар) кезінде әдетте катаральдық белгілер басым болады, яғни мұрыннан су ағып, тамақ ауырады, содан кейін осы катаральдық белгілермен бірге температура пайда болады, - деді Рақымжанова орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Марал Рақымжанова аурудың алдын алу үшін не істеу керегін айтты: 

 - адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық бөлмелерге баруды шектеу;

 - бөлмелерді желдету, антисептикалық құралдарды пайдаланып,  дезинфекциялық режимді күшейту;

 - қолды өңдеу үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық сулықтарды пайдалану;

 - науқас адамдармен байланысты шектеу, оларды оқшаулау; 
 - ауырғандардың 80 пайызы балалар екенін ескере отырып, тұмау мен ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдырып, ұйымдасқан ұжымдарға (мектепке дейінгі ұйымдарға, мектептерге) жібермеу керек.

 - медициналық көмекке уақтылы жүгіну керек.

Өзгелердің жаңалығы