Тұмау жұқтыру көрсеткіші былтырғыдан 2,2 есеге төмендеген

16 Наурыз 2021, 10:12
2635
Бөлісу:
Тұмау жұқтыру көрсеткіші былтырғыдан 2,2 есеге төмендеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгінгі Үкімет отырысы барысында айтты.

Елдегі инфекциялық сырқаттанушылыққа байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты. 64 инфекциялық ауруға қатысты мониторинг жүргізілуде. 2020 жылдың нәтижесіне сәйкес, 42 инфекция бойынша сырқаттанушылық көрсеткіші төмендеді. Биыл оба, тырысқақ, сібір жарасы, құтырма, туляремия, іш сүзегі, сіреспе, қызылша, дифтерия, полиемелит, қызамық және малярия аурулары бойынша дерек тіркелмеді. 2021 жылдың екі айының нәтижесі бойынша 45 инфекциялық ауру көрсеткішінің төмендегені байқалды. Қазақстан аумағында оба, туляремия, ККГЛ, сібір жарасы және өзге де қауіпті аурулардың табиғи ошағы бар. Алда болатын эпидемия маусымына байланысты аймақ әкімдері профилактикалық жұмыстарды уақытылы орындауы керек, - деді ол.

Министр қазіргі эпидмаусымда жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) және тұмаумен сырқаттану көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 2,2 есеге төмендегенін айтты. 

Оның айтуынша, бұған бірден-бір себеп тұмауға қарсы вакцинацияның салынуы, маскалық режимнің, әлеуметтік арақашықтықтың сақталуы болып отыр.

Тұмауға қарсы вакцинациямен қамту тәжірибесін ескере отырып, осы эпидмаусымда вакцинаның жетіспеушілігіне байланысты аймақ әкімдеріне қазірден бастап тұмауға қарсы вакцина сатып алу үшін қаржы бөлуді тапсыруды сұраймын. Тұмауға қарсы вакцинаға жаһандық деңгейде сұраныстың артуына байланысты бұл жұмысты қазірден бастау керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы