Тұмауға қарағанда COVID‑19-дың өте ауыр ағымының үлесі жоғары – дәрігер

27 Тамыз 2020, 18:41
1530
Бөлісу:
Тұмауға қарағанда COVID‑19-дың өте ауыр ағымының үлесі жоғары – дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тұмау мен COVID‑19 індетінің белгілер жиынтығы ұқсас болғанымен, ауыр ағымы жағдайларының үлесі түрлі келеді.

Бұл туралы бүгін ауылдық фельдшерлерге арналған вирустық инфекциялардың алдын алу және қорғау бойынша онлайн-семинар кезінде жоғары санатты невролог-эпилептолог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, Неврология кафедрасының психиатрия және наркология курсының доценті Алтынай Елубаева айтты.

Тұмау мен COVID‑19 індетінің белгілер жиынтығы ұқсас болғанымен, ауыр ағымы жағдайларының үлесі түрлі келеді. Тиісті мәліметтерге сәйкес, COVID‑19 жағдайларының 80%-ы жеңіл немесе асимптоматикалық ағыммен, 15%-ы оксигенотерапияны қажет ететін ауыр ағыммен сипатталады. Ал 5% жағдайда ауру өте ауыр және өкпені жасанды желдетуді қажет етеді. Аурудың ауыр және өте ауыр ағымының үлесі тұмауға қарағанда жоғары, - дейді дәрігер.

Алтынай Мұқашқызы COVID-19 жағдайында, аурудың ауыр ағымының қауіп факторлары қатарында егде жас айырмашылығы және фондық аурулардың болуы екенін еске салды.

COVID‑19 кезіндегі өлім-жітім деңгейі тұмауға қарағанда жоғары болуы мүмкін. Қазіргі уақытта өлім-жітімнің шынайы коэффициенті нақты анықталған жоқ. Алайда, қолда бар мәліметтер бойынша, өлім-жітім (яғни аурудың тіркелген жағдайларының санына жатқызылған қайтыс болған адамдар саны) 3-4% шегінде көрініс тапқан. Ал, маусымдық тұмау кезіндегі өлім-жітім әдетте 0,1% деңгейінде болады. Өлім-жітімнің көбінесе, медициналық көмекке қол жетімділікке және оның сапасына байланысты болатынын ескерген жөн, - деді ол.
Бұған дейін COVID‑19 бен тұмауды қалай ажыратуға болатыны айтылды.
Өзгелердің жаңалығы