«Тұмар» және «Үркер» сыйлықтарына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды

Биыл «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтары 10 жылдығына орай алғаш рет Qazaqstan Media Awards аясында өткізіліп отыр.

 qma.kz 2 Қазан 2026, 21:13
2 Қазан 2026, 21:13
185
Фото: qma.kz

Qazaqstan Media Awards аясындағы «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарына өтінім қабылдау мерзімі 6 қазанға дейін ұзартылды. Өтінімдер байқаудың ресми QMA.kz сайты арқылы қабылданады.

Байқауға 2025 жылғы 18 қыркүйек пен 2026 жылғы 18 қыркүйек аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан жұмыстар қатыса алады. Журналистер, тележүргізушілер, медиажоба авторлары, редакциялар мен шығармашылық ұжымдар өтінім бере алады.

Биыл байқауда телевизиялық, баспа, интернет және радио журналистикасы бағыттары бойынша 12 номинация қарастырылған. Олардың қатарында үздік тележүргізуші, үздік журналист, үздік материал, үздік медиажоба, үздік деректі жоба және үздік радиожоба бар.

Сонымен қатар биыл алғаш рет жасанды интеллект саласындағы үздік жоба номинациясы енгізілді.

Жеңімпаздарды журналистер, сала мамандары мен медиа сарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы анықтайды.

2026 жылы «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтары 10 жылдығына орай алғаш рет Qazaqstan Media Awards аясында өткізіліп отыр.

 

Наверх