Тұман және көктайғақ: Ел аумағында дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолдағы көктайғақ пен көріну деңгейінің төмендеуін ескеріп, сақ болуға шақырады.

16 Қараша 2026, 02:34
АВТОР
 depositphotos.com 16 Қараша 2026, 02:34
16 Қараша 2026, 02:34
146
Фото: depositphotos.com

«Қазгидромет» бүгінге, 16 қарашаға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның барлық 17 облысында қолайсыз ауа райы болатынын ескертті.

Астанада түнде жолдарда көктайғақ болып, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Алматыда да түнде және таңертең тұман күтіледі. Қалаға іргелес Іле Алатауы тауларында, Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын, көктайғақ және тұман болжанып отыр. Ақтөбе облысында да жауын-шашын күтіледі. Оның солтүстік-батысында түнде кей жерлерде қатты жаңбыр жаууы ықтимал.

Алматы, Жетісу, Атырау, Маңғыстау, Ұлытау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Павлодар және Абай облыстарының жекелеген аумақтарында тұман түседі. Бірқатар өңірде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Жамбыл облысында күндіз жел екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Сонымен қатар Алматы облысының солтүстігі мен шығысында, Қызылорда облысының оңтүстік-батысы мен солтүстігінде өрт қаупі жоғары болатыны ескертілді.

Синоптиктер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолдағы көктайғақ пен көріну деңгейінің төмендеуін ескеріп, сақ болуға шақырады.

Наверх