Түлектерге бірінші офицерлік «лейтенант» атағы берілді

9 Шілде 2023, 10:34
894
Бөлісу:
Түлектерге бірінші офицерлік «лейтенант» атағы берілді
PHOTO
Фото: Қорғаныс министрлі

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының екі жүзден аса түлегі дипломдар алып, еліміздің Қарулы күштерінің қатарын толықтырды. Олардың төртеуі Тәжікстаннан, бесеуі Қырғыз елінен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматыда жас лейтенанттардың 50-ші мерейтойлық оқуды аяқтау рәсімі өтті.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түлектерге бірінші офицерлік «лейтенант» атағы берілді

28 гвардиялық-панфиловшылар саябағында өткен іс-шараға Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бақытбек Сыдықов, Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Талғат Қойбақов, қаланың атқарушы билік өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері және түлектердің ата-аналары қатысты.

Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін түлектерге бірінші офицерлік «лейтенант» атағы берілді. Олардың 10-ы оқуды үздік тәмамдап отыр.

Оқу бітіріп, өмірдің бір кезекті кезеңінен өттіңдер. Енді сендер Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің офицерісіңдер! Оқу жылдарында алған іргелі білім сеніп тапсырылған бөлімшелердің жауынгерлік дайындығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді деп сенемін және сендер Отанымыздың егемендігін сенімді қорғауды қамтамасыз ете отырып, үмітімізді ақтайсыңдар деген ойдамын, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бақытбек Сыдықов.

Түлектерге бірінші офицерлік «лейтенант» атағы берілді

Институт Қазақстанның Қарулы күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін офицерлік кадрлар дайындайды. Оқыту алты мамандық және он төрт біліктілік бойынша жүргізіледі.

Осы жылдар ішінде ЖОО-да 18 мыңнан астам офицер даярланды, олар қазіргі уақытта Қазақстан мен ТМД елдерінің Қарулы күштерінде қызмет өткеруде. Көптеген түлек ірі әскери құрылымдар мен құрамаларды басқарады, жоғары әскери атақтарға ие болды, үкіметтік наградалармен марапатталды.

Түлектерге бірінші офицерлік «лейтенант» атағы берілді

Оқу орнында болашақ офицерлердің әскери мамандықтарды меңгеруі үшін қажетті жағдайлар жасалған. Институттың толыққанды оқу-материалдық базасы бар. Заманауи оқу зертханалары және дәріс аудиторияларымен жабдықталған. Практикалық сабақтарды өткізу үшін далалық оқу-жаттығу орталығы жұмыс істейді.

Түлектерге бірінші офицерлік «лейтенант» атағы берілді

Қонақтарға қоян-қолтық ұрыстан курсанттардың көрнекі қойылымдары, қару-жарақпен саптық әдістер көрсетілді. Салтанатты шара түлектердің Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімімен және жас лейтенанттардың дәстүрлі вальсімен аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы