Тұғырлы тұлғалар парламент төрінде

24 Наурыз 2023, 17:41
1611
Бөлісу:
Тұғырлы тұлғалар парламент төрінде
Фото: aigak.kz

Биылғы жылдың басты саяси науқаны - Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауы да артта қалды. Ел ертеңі үшін тағдыршешті  маңызды саяси науқанның нәтижелері бойынша қоғамдық пікірлер жариялануда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сайлаушылардың белсенділігін арттырып, баянды болашаққа деген сенімін күшейту керектігін  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында көтеріп, сайлауда аралас сайлау жүйесіне көшуді ұсынып, «Бұдан былай мажоритарлық жүйе бойынша әрбір аймақ Парламенттің төменгі палатасына өзінің кемінде бір депутатын сайлай алады. Жаңа үлгі көзқарасы әртүрлі азаматтардың Мәжіліске келуіне мүмкіндік береді», деген болатын.  Айтса айтқандай, биылғы сайлау тек қана партиялық тізіммен ғана емес, можаритарлық жүйемен жүзеге асырылды. Яғни, бір мандаттық округтан өзін-өзі ұсыну арқылы депутат болғысы келетіндердің қарасы көп болды. Бір округтен Мәжіліс депутаттығына тіркелген үміткерлердің  саны 50-60 адамнан келуі - айтқанымыздың айқын дәлелі, – деп атап өтті   Кәрімбек Құрманәлиев. 

Осы ретте халық пен биліктің арасында алтын көпір болып жүрген, елдің мұң-мұқтажын, өкпе-назын ашық түрде Үкіметке жеткізе алатын тұғырлы тұлғалар депутаттық додада озып шығуы көпшіліктің көңілінен шыққанын - сайлаудың басты өзгешелігі деуге әбден болады. 

Мысал ретінде, Астанадағы бірінші округ сайлаушыларының әлемдік спорт додаларында топ жарып, Олимпиада ойындарында Қазақстанның көк туын көтеріп шыққан, жауырыны жерге тимеген балуан - ДәулетТұрлыхановты таңдап, Парламент төріне көтергенін тілге тиек етсек те жеткілікті. Осындай тұғырлы тұлғалар әр аймақтан да оқ бойы озып шығып, халық қалаулысы атанғанын атап өткеніміз абзал. Бұл сайлауда бұрынғы әдетпен “менің даусым не шешеді дейсің, өздеріне керек адамдарын депутаттыққа өткізеді ғой” дегендер қатты қателесті дегім келеді. Бұл сайлау осылай ойлайтындардың опық жеп қалғанын көрсетті. Алдын-ала шығарылған қорытындылар нәтижесінен 6 партияның Парламентке жолдама алғаны және бір мандаттық округтерден өзін-өзі ұсынған кандидаттардың топ жарып, Парламент төріне көтерілгені айтқанымызды айқындай түседі, –дейді     Кәрімбек Құрманәлиев Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Саяси сарапшылар ірі қалаларда сайлаушылардың белсенділігі бәсең болғанын айтуда.  Бұл сайлау - Мемлекет басшысы ұсынған Әділетті Қазақстан тұжырымдамасының нақты іске асып жатқанының жарқын көрінісі екенін дәлелдеп берді. 

Өзгелердің жаңалығы