Тұғырдан секіруден Қазақстан студенттер құрама командасы 2 орын алды

21 Қаңтар 2023, 09:54
6735
Бөлісу:
Тұғырдан секіруден Қазақстан студенттер құрама командасы 2 орын алды

АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан универсиадада Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz сілтеме жасап.

XXXI қысқы Дүниежүзілік Универсиадада, тұғырдан секіруден Қазақстан студенттер құрама командасы 2 орын алды.

Трамплиннен шаңғымен секіру спортында ерлер командасының мүшелері Данил Васильев пен Сергей Ткаченко үздік нәтиже көрсетіп, универсиаданың күміс меделін иеленді. Қазақстандық команда австриялық командаға жол беріп, Жапония спортшыларын қапы қалдырды.

Айта кетейік, универсиадада Қазақстан құрамасы әзірге 3 алтын, 1 күміс, медаль иеленді.

Өзгелердің жаңалығы