«ТтТ» « Театр – Творчество – Талант» халықаралық фестиваль байқауы мәресіне жетті

7 Сәуір 2022, 20:10
4077
Бөлісу:
«ТтТ» « Театр – Творчество – Талант»  халықаралық фестиваль байқауы мәресіне жетті
PHOTO
Фото: Бақытжан БАТЫРХАНҰЛЫ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада  «ТтТ» Театр – Творчество – Талант атты балалар мен жеткіншектердің бесінші халықаралық фестиваль конкурсы өз мәресіне жетті.

4-7 сәуір аралығында өткен сайыста көрерменге  18 театр қойылымы көрсетілді. Конкурсқа әр өңірден келген 300-ге жуық адам қатысты. Фестиваль Қазақстан Республикасы Президентінің «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының қолдауымен өтті.

Байқауға еліміздің әр өңірінен келген кәсіби және әуесқой командалар бақ сынады.

«ТтТ» « Театр – Творчество – Талант»  халықаралық фестиваль байқауы мәресіне жетті

Бас ұйымдастырушы Думан Әкімнің айтуынша, «ТтТ» Театр – Творчество – Талант фестиваль- конкурсы «Балалар жылына» орай ұйымдастырылып отыр.

«ТтТ» « Театр – Творчество – Талант»  халықаралық фестиваль байқауы мәресіне жетті

Балалардың таланты мен фантазиясында шек жоқ. Сол себепті конкурстың нақты бір тақырыбы қойылмады. Біз 8 - 10 жастағы, 11 - 13 жас, 14 - 16 жас, 17 - 19 жас және  20 -23 жас аралығындағы өнепаздарды санаттарға бөліп,  әрбірін жеке қарастырдық. Әр санаттың өз жеңіпаздары болды, - деді  «Қазақ ұлттық өнер унивеситеті» колледжінің оқытушысы Думан Әкім.

«ТтТ» « Театр – Творчество – Талант»  халықаралық фестиваль байқауы мәресіне жетті

Жарыс қортындысы бойынша:

«Жас әртістің үздік рөлі» дипломын Теміртау қаласының «Арлекин» балалар студиясының екі бірдей актері Гавриленко Глеб пен Маркосян Тигран иеленді.

Дәл осындай орынды Алматы қаласының «На крыльях творчества» театр студиясының қатысушысы Жүсіп Батырхан алды. 

Сондай-ақ Виктория Самсонова  «Махаббат парадокстары» спектакліндегі Кубышкина рөлін сомдағаны үшін «Жас әртістің үздік рөлі» дипломымен марапатталды. 

«Үздік актерлік жұмыс» М.Макдонахтың «Жастық адам» рөлі үшін Арапбек Олжас жеңімпаз атанды. 

 «Үздік актерлік ұжым» номинациясын Теміртау қаласының «О - крошка» театр студиясы ҚГКП «Ғ.Жұбанова атындағы балалар өнер мектебі» жеңіп алды.

 

Өзгелердің жаңалығы