Цифрлық даму министрлігі 2023 жылды қорытындылады

28 Ақпан 2024, 21:15
354
Бөлісу:
Цифрлық даму министрлігі 2023 жылды қорытындылады
Фото: Цифрлық даму министрлігі

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиын барысында министрлік жетекшілік ететін бағыттардағы жұмыстың қорытындылары мен басымдықтары талқыланды. Алқа жұмысына Премьер-Министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, министрлік басқармаларының және ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты. Қатысушылар арасында сондай-ақ Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Альберт Рау, Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева, «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев, «Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркі» Бас директоры Мағжан Мәдиев және IT-нарық өкілдері де болды.

Министр Бағдат Мусин өткен жылғы жұмысты қорытындылады, сондай-ақ 2024 жылға арналған жоспарлармен бөлісті. Министрдің айтуынша, бүгінде барлық мемлекеттік қызметтердің 92%-ы онлайн режимінде қолжетімді, ал олардың басым бөлігі, яғни 85%-ы ұялы телефоннан қолжетімді. 2023 жылы бірқатар жаңа цифрлық қызметтер іске қосылды, мысалы: ипотеканы рәсімдеу, жылжымайтын мүлікті сатып алу немесе сату, VIP нөмірлерді брондау, автокөліктерді заңдастыру және цифрлық нотариат. Сондай-ақ, бүгінде 51 қызмет жиі қолданылатын коммерциялық банктерде қолжетімді.

Цифрлық сервистерді пайдаланудың өсу динамикасы біз таңдаған модельдің, атап айтқанда адамға бағытталған тәсілдің дұрыстығын растайды. Цифрландырудың да  экономикалық әсері бар. Халыққа қызмет көрсету орталықтары бойынша қызықты факт: ХҚКО мен ІІМ ақпараттық жүйелерінің үздіксіз интеграциясынан кейін алымдар сомасы іс жүзінде 9 есе өсті,- деп атап өтті Бағдат Мусин.

Цифрлық даму министрлігі жұмысының тағы бір маңызды бағыты – IT-қызметтерді экспорттау.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша IT-қызметтердің экспорты жоспарлы 500$ млн жетеді. Бұл экономиканың өсуіне ықпал етеді, жалақы, салықтар төленеді. Өткен жылдың 9 айында IT-қызметтердің көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43%-ға өсіп, 734 млрд теңгені құрады.

2023 жылы 169 ауыл телекоммуникация саласы бойынша 4G стандартына ауыстырылды, 80 мыңнан астам үй шаруашылығы оптикалық байланыс желілеріне қосылды, 20 қалада 5G стандарты үшін 740 БС орнатылды. Өткен жылы 782 жоспардан тыс тексеру жүргізілді және 3,3 млрд теңге сомасына айыппұл салынды. Айыппұл сомасының өсуі нұсқамалардың орындалуына әсер етті. Мәселен, егер 2022 жылы ұйғарымдардың тек 30%-ы ғана орындалса, 2023 жылы олардың орындалуы 65 пайызды құрады.

Интернет сапасын жақсарту мақсатында биыл 400 ауылды 4G стандартымен жаңғырту жоспарлануда, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетігі арқылы 764 ауыл оптикалық байланыс желілеріне қосылады. Нәтижесінде 286 ауылдағы 100 мың үй шаруашылығына Интернет желісі тартылады.  

Министрліктің міндеті – мемлекет пен азаматтың қорғалған экожүйесін қалыптастыру. Депутаттық корпустың қолдауымен өткен жылы дербес деректерді қорғау бойынша заңнамалық бастамалар қабылданды. Олар – азаматтарды дербес деректердің таралып кету фактілері туралы хабардар ету және құжаттардың көшірмелерін жинауға тыйым салу, банктік қарыздарды алудан ерікті түрде бас тарту. 

Биыл министрлік суперәкімшілердің қызметіне бақылауды бекіту, дербес деректердің айтарлықтай көлемін жинақтаған компаниялар үшін міндетті киберсақтандыруды енгізу, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін IT-бюджеттің 10-15% шегінде қаржыландыру мөлшерін белгілеу және ақпараттық қауіпсіздікті бұзғаны үшін айыппұлдарды 3 есеге ұлғайту сынды бірқатар заңнамалық түзетулер әзірлеуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Қазақстанда жасанды интеллект экожүйесін қалыптастыру үшін ЦДИАӨМ үш технологиялық негізді анықтады. Олар – деректер базасы, жеткілікті есептеу қуаты (суперкомпьютер құру) және қазақстандық үлкен тіл моделін құру жөніндегі ғылыми жұмыс. Мұның бәрі ұлттық жасанды интеллект платформасына біріктіріледі.

Жасанды интеллект саласына энтузиастар мен стартаптарды тарту үшін TechOrda бағдарламасы шеңберінде жасанды интеллект саласындағы мамандарды оқыту үшін арнайы ваучерлердің 15%-ын бөлу жоспарлануда, Жоғары білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, еліміздің үш жоғары оқу орнында шетелдік университеттермен ынтымақтастық аясында жасанды интеллект бойынша пәндер енгізілуде. Биыл осы платформаны институттандыруға және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталған бастамаларды әзірлеу жоспарлануда.

Премьер-Министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппарат басшысы Ғалымжан Қойшыбаев өз кезегінде цифрландыруды дамыту мен жетілдіру әлеуеті айтарлықтай жоғары екенін және экономикалық және әлеуметтік аспектілерді талаптар мен қазіргі заманғы «цифрлық» әлемнің стандарттарға бейімдеуді көздейтінін атап өтті.

Мемлекет басшысы белгілеген цифрлық трансформацияның түбегейлі жаңа траекториясы экономикамыздың даму қарқынын жеделдетуге және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл экономиканың түбегейлі жаңа деңгейге – болашақтың цифрлық экономикасына көшуіне жағдай жасайды, – деп түйіндеді Ғалымжан Қойшыбаев.

Өзгелердің жаңалығы