Ақмола облысында 1,2 млрд ұрланды: сот үкім шығарды

28 Ақпан 2024, 21:05
314
Бөлісу:
Ақмола облысында 1,2 млрд ұрланды: сот үкім шығарды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Ақмола облысында Целиноград ауданындағы ЖАО бұрыңғы басшысы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Целиноград ауданының прокуратурасымен автожол саласындағы тексеру нәтижелері бойынша Қоянды ауылының көше желілерін күрделі жөндеу және салу кезінде жерглікті атқарушы органның бұрыңғы басшысымен және кәсіпкермен 1,2 млрд.теңге сомасына бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды.

Аудан прокуратурасымен тіркелген 2 қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеу Ақмола облысының прокуратурасының арнайы прокурорлары жүргізді.

Іс қозғалған кезде Біріккен Араб Әмірліктерінде болған Целиноград ауданының жергілікті атқарушы органының бұрыңғы басшысы, қамауға алынған.

1,2 млрд теңгеден астам көлемінде келтірілген залал толық өтелді, тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.

2024 жылғы 12 ақпанда осы тұлға Целиноград аудандық сотының үкімімен ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, бас бостандығынан айрылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы