Цифрлы зауыт: Биыл кен өндіру жобасы іске қосылады

17 Маусым 2024, 10:26
383
Бөлісу:
Цифрлы зауыт: Биыл кен өндіру жобасы іске қосылады
PHOTO
Фото: автордан

Алматы облысындағы Бұғыты кен орнының вольфрам өндіру жобасы биыл жыл соңында іске қосылмақ. BAQ.KZ тілшісі зауыт жұмысымен танысу үшін құрылыс жүргізіліп жатқан аймаққа барды.

Қытайлық “Жэньминь жибао” газеті мен қазақстандық БАҚ еліміздегі қазақ-қытай жобаларына бірлескен баспасөз турын бастады. Жобаның мақсаты – елімізде жүзеге асырылып жатқан екіжақты жобалармен танысу.

Цифрлы зауыт: Биыл кен өндіру жобасы іске қосылады

Бұған дейін журналистер Қостанайдағы машина зауытында, Өскемендегі “Лу Бань шеберханасында” және Алматыдағы “Азиялық Газқұбырында” болды. Енді бүгін БАҚ өкілдеріне Алматы облысындағы Бұғыты кен орнының вольфрам өндіру жобасымен танысуға мүмкіндік алды.

Цифрлы зауыт: Биыл кен өндіру жобасы іске қосылады

Журналистер зауыттың құрылысы жүріп жатқан кен орнына барып, құрылыстың қалай жүргізіліп жатқанын өз көздерімен көріп қайтты.

Вольфрам өндіру жобасы қандай жоба?

ҚР-дағы “Қытай азаматтық инженерлік-құрылыс корпорациясы” ЖШҚ филиалы директорының орынбасары Юэ Вэй зауыттың құрылысы мен алдағы жоспарларын бөлісті.

Цифрлы зауыт: Биыл кен өндіру жобасы іске қосылады

2013 жылы қыркүйекте ҚХР басшысы Қазақстанға жасаған сапарында алғаш рет Жібек жолы экономикалық белдеуін құру бастамасын көтерген болатын. Тараптар “Бір белдеу, бір жол” құрылысы мен “Нұрлы жол” жаңа экономикалық бағдарламасы торабында ынтымақтастықты нығайту бойынша маңызды келісімге келіп, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Кәсіпорынның қазіргі уақытта шамамен 110 елде филиалдары бар. “Бір белдеу, бір жол” бастамасы аясында елімізде төрт нысанның құрылысын жүргізіп жатыр. Осы жобалардың ең ауқымдысы - Бұғыты кен орнының вольфрам өндіру жобасы. 2018 жылдың маусым айында жобаны ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен Қытайдың Ұлттық даму және реформалар комиссиясы бірлесіп мақұлдаған. Бұл жоба Қытай мен Қазақстан арасындағы өндірістік қуат саласындағы ынтымақтастық аясында 56 негізгі жобаға енгізілген. Сондай-ақ екі ел үкіметтері үлкен қолдау көрсетіп отырған жобалардың бірі, - деді ол.

Цифрлы зауыт: Биыл кен өндіру жобасы іске қосылады

Бұғыты кен орнының вольфрам өндіру жобасы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Ұлыкен-бөгеті тау жотасының оңтүстік беткейлерінде, Алматы қаласы мен Қорғастан 200 шақырымнан аспайтын жерде орналасқан.

Цифрлы зауыт: Биыл кен өндіру жобасы іске қосылады

Жобаның негізгі көлемі - өндіру зауыты кешенін, қалдық қоймасын, қосалқы және инженерлік құрылыстарды, көлік жолдары мен әкімшілік объектілерді салу.

Цифрлы зауыт: Биыл кен өндіру жобасы іске қосылады

Жобаны іске асыру 2021 жылы басталды, ал нысанды аяқтау және тапсыру 2024 жылы күтіліп отыр.

Бұғытыда салынып жатқан әлемдегі ең ірі вольфрам кен орнында ресурстарды барынша тиімді пайдалану үшін әлемдегі жетекші тау-кен жабдықтары мен технологиялары қолданылады. Ол аяқталып, іске қосылғаннан кейін вольфрам концентратының өндірісі дүниежүзілік өнімнің 10 пайызынан асып, жыл сайын 150 миллион доллардан астам өнеркәсіп өнімін өндіріп, 1000-ға жуық жаңа жұмыс орындарын ашады деп күтіліп отыр, - деп түсіндірді Юэ Вэй.

Цифрлы зауыт: Биыл кен өндіру жобасы іске қосылады

Оның сөзінше, жоба көптеген жоғары білікті техникалық қызметкерлер мен басқарушы кадрларды даярлауға мүмкіндік береді, өнеркәсіп пен коммуналдық құрылыстың бірқатар шеткі салаларын дамытуға ықпал етеді, жергілікті экономика мен халықтың тіршілігін қамтамасыз етуді едәуір жақсартады, өзара тиімді және бірлескен дамуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қытай мен Қазақстан арасындағы өндірістік қуаттар ынтымақтастығының моделін жасайды.

Экология қалай сақталады?

Цифрлы зауыт: Биыл кен өндіру жобасы іске қосылады

Ол өз сөзінде қоршаған ортаны сақтау үшін қандай шаралар қабылдап жатқанын түсіндіріп берді.

Цифрлы зауыт: Биыл кен өндіру жобасы іске қосылады

Біз жаңа нарыққа келгенде оның экологияға қатысты саясаты мен заңнамасын зерттеп, оны қатаң сақтаймыз. Біз сұрыптау жұмысына ластануды азайту үшін суару жүйесін қостық. Сондай-ақ қазір құрылыс кезінде экологияға зиян келмес үшін зауыттың ішкі жолдары мен жер және бетон жұмыстары жүргізіліп жатқан жерлерге су сеуіп отырамыз. Оған қоса зауытымызда жергілікті инженер-эколог бар. Ол құрылғыларымыздың барлық жұмысын назарда ұстап, заңнамадағы талапты бұзбауы үшін бақылап отырады, - деп айтты зауыт басшысы.

Цифрлы зауыт: Биыл кен өндіру жобасы іске қосылады

Сонымен бірге тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын шығаратын жергілікті мекемемен келісімшарт орнатқан. Олардың қалдықтарды қайта өндеуге сертификаты бар. Инженер-эколог күн сайын құрылыс алаңын тексеру жүргізеді. Егер қандай да бір ақау анықтаса, оны дереу бірлесе шешеді.

Біз Шарын шатқалына жақын орналасқандықтан қоршаған ортаны қорғау талаптарын қатаң сақтаймыз, - деп айтты Юэ Вэй.

ХХІ ғасырдың цифрлы зауыты

Цифрлы зауыт: Биыл кен өндіру жобасы іске қосылады

Сонымен бірге зауыт өкілі қандай жаңа технологиялар қолданылатынын айтып берді.

Зауытта өнімді ұнтақ күйінде шығаратын технология қолданылады. Яғни вольфрам диірменге салынады, сосын ол сол жерде ұнтақталады. Жобада сорттаудың екі процесінен кейін жарамсыз заттарды сыртқа шығару жүйесін енгіземіз. Жарамсыз тау-кен тастарын шығарып тастац арқылы жұмыс өнімділігіміз артады. Қазір жобада қолданып жатқан жабдықтарымыз әлем бойынша үздік технология саналады. Өздеріңіз көргендей, жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп айтты ол.

Цифрлы зауыт: Биыл кен өндіру жобасы іске қосылады

Ол біткеннен кейін ақпараттық және өндірістік жұмыстар басталады. Жоба толықтай автоматтандырылады. Дәлірек айтқанда, бір батырманы басу арқылы жұмыс толығымен автоматты түрде жүретін жағдайға жетеміз. Яғни адам қолымен істейтін жұмыс барынша азайтылады. Өнімнің шығарылу, қоспалар мөлшері компьютер арқылы есептеліп отырады. Бір сөзбен айтқанда, жоба цифрлы басқару өндірісіне айналады.

Жұмысшыларға қандай жағдай жасалған?

Зауыттың құрылысын жүргізіп жатқан жергілікті және шетелдік жұмысшыларға барлық жағдай жасалған. Арнайы жатақхана бар. Асхана да жұмысшыларды күніне үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етеді. Спортпен айналысқысы келетіндерге де жағдай қарастырылған. Қызметкерлердің денсаулығы мен психологиялық жағдайы да үнемі назарда, - дейді Юэ Вэй.

Цифрлы зауыт: Биыл кен өндіру жобасы іске қосылады

Сонымен қатар мекеме қайырымдылық іс-шараларымен айналысып, мереке кездерінде әлеуметтік осал санатындағы отбасыларға азық-түлік себетін таратып тұрады.

Зауыт жұмысшыларын біліктілігін арттыру үшін оқуға жіберіп тұрады. Сондай-ақ зауытта тәжірибесі жоқ қызметшіні білімі мен тәжірибесі бар шетелдік маманға шәкірт ретінде үйретуге бекітеді.

Цифрлы зауыт: Биыл кен өндіру жобасы іске қосылады

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі де бұған дейін кәсіпорынды құрылыс-монтаждау және тау-кен дайындау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын. Пайдалануға 2024 жылдың соңына жоспарланған. Кен байыту фабрикасы 1000 адамды жұмыспен қамтиды.

Кәсіпорынның жобалық қуаты 65% вольфрам концентратын шығарумен 3,3 млн тонна вольфрам кендерін өндіру және өңдеуге мүмкіндік береді деп күтіліп отыр, – деген еді баспасөз қызметі.

Былтыр түсті металлургия саласында құны 26,8 млрд теңге болатын бес жоба іске асып, нәтижесінде 835 жұмыс орны құрылған.

Өзгелердің жаңалығы