Трамптың импичмент процесі Сенатқа өтеді

11 Қаңтар 2020, 10:01
1658
Бөлісу:
Трамптың импичмент процесі Сенатқа өтеді

Алматы, BAQ.KZ. Америка президенті Дональд Трамптың импичмент жөніндегі материалдары келесі аптада Сенатқа түседі. Бұл туралы Politico басылымы жазды.

АҚШ конгресі палатасының өкілі Нэнси Пелоси келесі аптада президент Дональд Трамптың импичмент жөніндегі материалдары Сенатқа жіберілетіндігін айтты.
Сондай-ақ, бұл іс келесі жұма күні болады деп күтілуде.

Еске салсақ, 2019 жылдың 19 желтоқсанында Палата өкілдері импичмент процедурасы аясында Трампқа қатысты айыптау қортындысын бекіткен болатын.
Импичмент аясында АҚШ президентіне билікті асыра пайдалану және Конгрес жұмысына кедергі келтірді деген екі бап бойынша ресми айып тағылды.
Өзгелердің жаңалығы