АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийді Ресейдің дизель отыны инфрақұрылымына соққы жасауды тоқтатуға шақырды. Бұл туралы DW хабарлады.
Трамптың айтуынша, бұл мәселені ол Зеленскиймен талқылаған.
«Біз бұл туралы Зеленский мырзамен сөйлестік. Басқа да көптеген нысана бар. Дизельге соққы жасамаңыз», – деді АҚШ президенті.
Ол Ресейдегі дизель инфрақұрылымына жасалатын соққылардың әлемдік отын нарығына әсер етіп жатқанын мәлімдеді.
«Ресейдегі дизельге соққы беруді тоқтату керек. Бұл бүкіл әлемге зиян келтіреді», – деді Трамп.
АҚШ президентінің пікірінше, дизель отынының жаһандық тапшылығы Таяу Шығыстағы ахуалдан емес, Ресей мен Украина арасындағы соғыстың салдарынан туындап отыр.
GasBuddy дерегіне сәйкес, 10 қыркүйекте АҚШ-та дизель отынының орташа бағасы алғаш рет галлонына 6 доллардан асты.
Reuters мәліметінше, Ресей 2026 жылға арналған мұнай өндіру болжамын 17 жылдағы ең төменгі деңгейге дейін қысқартқан. Сонымен қатар 2026-2027 жылдарға арналған отын экспорты болжамы қайта қаралған.