Трамп Қытаймен сауда келіссөздерінің жаңа қарқыны туралы хабарлады

22 Желтоқсан 2019, 14:51
1904
Бөлісу:
Трамп Қытаймен сауда келіссөздерінің жаңа қарқыны туралы хабарлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Америка Құрама Штаттары мен Қытай арасындағы сауда келісімінің алғашқы бөлігі жақын арада жасалады.

Америка басшысы Дональд Трамп сенбі күні АҚШ пен Қытай сауда келіссөздерінің жаңа қарқыны туралы хабарлады.

Біз Қытайға қарсы ең қатаң шараларды қолдандық және нәтижесінде, сауда келісімінде үлкен жетістікке жеттік, - деді Трамп.

Оның айтуынша, Қытай АҚШ-тың ауыл шаруашылығы өнімдерін миллиардтаған долларға сатып алған.

Айта кетсек, жұма күні Дональд Трамптың Си Цзиньпинмен "әңгімеміз жарасты" деген болатын.

13 желтоқсанда Вашингтон мен Бейжің сауда келісімінің алғашқы сатысына қол қойды. Трамп келісімдердің аясында 15 желтоқсаннан бастап қытайлық тауарларға жаңа салық салудан бас тартқанын АҚШ-тың сауда келісімдері жөніндегі өкілі Роберт Лайтхайзер мәлімдеген болатын. 

Трамптың бұл шешімі қашанға дейін жалғасатыны белгісіз.

Өзгелердің жаңалығы