Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп "үлкен әрі аса қадірлі елмен" жасалған келісімді мақтан тұтып жарияламақ

8 Мамыр 2025, 10:52
1093
Бөлісу:
 Evan Vucci / AP Photo
Фото: Evan Vucci / AP Photo

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның алғашқы ірі сауда келісіміне байланысты бейсенбі күні үлкен баспасөз мәслихатын өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ертең таңғы сағат 10:00-де (Астана уақытымен 19:00) Ақ үйдің Оваль кабинетінде үлкен баспасөз конференциясы өтеді. Онда үлкен әрі аса қадірлі елдің өкілдерімен жасалған ірі сауда келісімі жайлы айтылады. Бұл – көп келісімнің біріншісі! - деп жазды мемлекет басшысы Truth Social әлеуметтік желісінде.

Трамп бұл келісім нақты қай елмен жасалғанын әзірге нақтылаған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы