АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс қандай жағдайда тоқтайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Associated Press-ке сілтеме жасап.
Трамп Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленскиймен жеке-жеке телефон арқылы сөйлесу арқылы бітімге қол жеткіземін деп үміттенеді.
Трамп демалыс күндері әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында дүйсенбі "берекелі күн" болады және бітім орнайды деп үміт білдірді. Оның бұл бағыттағы әрекеттеріне НАТО көшбасшыларымен сөйлесу де кіреді.
Трамп Ресейдің 2022 жылдың ақпанындағы басқыншылығынан басталған соғысты тоқтатуға бар күшін салып келеді. Бұл келіссөздер оның "келісім жасаушы" ретіндегі беделі үшін үлкен сынақ болмақ. Ол Ақ үйге қайта оралғанда, тіпті қызметке кіріспей тұрып-ақ, бұл қақтығысты тез арада шешуге уәде берген еді.
Республикашыл президент бұл мәселені шешуге өзінің тұлғасы мен Путинмен бұрыннан қалыптасқан жеке қарым-қатынасы жеткілікті болады деп санайды.
Трамптың өкілі Стив Уиткофф "Менің ойымша, бұл өте сәтті қоңырау болады" деп отыр.