Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп тағы бір елге бұрын-соңды болмаған соққы жасайтынын айтып, қорқытып отыр

8 Сәуір 2025, 11:30
1180
Бөлісу:
 @ WILL OLIVER/EPA/ТАСС
Фото: @ WILL OLIVER/EPA/ТАСС

АҚШ Президенті Дональд Трамп NBC News телеарнасына берген сұхбатында, егер Вашингтон мен Тегеран келісімге келе алмаса, бұрын-соңды болмаған ауқымды бомбалау болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА "Новости" сілтеме жасап.

Оның айтуынша, тараптар келісімге келмеген жағдайда, әлем "бұрын-соңды көрмеген бомбалаудың" куәсі болуы ықтимал.

Бұл мәлімдеме Трамп пен телеарна арасындағы сұхбат барысында айтылды. Ол қазіргі уақытта АҚШ пен Иран арасында келіссөздер жүріп жатқанын атап өтті. Дегенмен, нақты қандай келісім туралы сөз болып отырғанын ашып айтпады. Алайда, мұндай келісімге қол жеткізу – қақтығыстың алдын алу үшін өте маңызды екенін баса айтты.

Бұған дейін Иран Президенті Масуд Пезешкиан Трампқа жолдаған жауабында, Тегеран АҚШ-пен ядролық бағдарлама бойынша тікелей келіссөздерден бас тартатынын мәлімдеген болатын. Дегенмен, үшінші елдердің делдалдығымен диалог жүргізуге әзір екенін жеткізген.

Өзгелердің жаңалығы