Дональд Трамп пен Си Цзиньпин тікелей сауда келіссөздеріне байланысты текетірестерін әлі де жалғасытыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ politico.com-ға сілтеме жасап.
Трамп тарифтердің шарықтауына байланысты Қытаймен келісімге "келесі үш-төрт аптада" қол жеткізуге үміттенетінін айтады. Алайда бұл күннен-күнге орындалуы қиын мәселеге айналуда.
Ол Қытай басшысы Си Цзиньпинмен тек жеке келіссөздер жүргізуді талап етуде. Бұл екі жаһандық державаның арасындағы ушығып бара жатқан сауда соғысын тоқтатуға бағытталған басқа дипломатиялық әрекеттерді тоқтатып отыр.
Президент Ақ үй өкілдеріне Қытай шенеуніктерімен Бейжіңде бейбіт келісім жөнінде сөйлесуге рұқсат бермей отыр, дейді Мемлекеттік департамент өкілдері.
Олар бұл мәселелердің сезімтал сипатына байланысты аты-жөндерін атаусыз қалдыруды өтінген.
Кез келген елеулі қарым-қатынас орнату әрекетінің болмауы екі ел арасындағы маңызды байланыстарды тоқтатып, жақын арада шешім табылу мүмкіндігін азайтып отыр.
Трамп бірнеше рет сауда шиеленісін азайту үшін Симен сөйлесуге немесе кездесуге мүдделі екенін айтқан. Алайда Қытай басшысы бұл ұсыныстарға құлықсыздық танытып отыр. Оның орнына Си осы аптада Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін АҚШ тарифтеріне қарсы Қытаймен ынтымақтастықты күшейтуге шақыруға ден қойды. Осы мәселе Ақ үйді алаңдатып отыр.
Президент Трамп мәселенің шешімі енді Қытайдың қолында екенін ашық айтты, — деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт.