Трамп Қытайға "мейірімді" болуға уәде етті

23 Сәуір 2025, 09:34
943
Бөлісу:
Трамп Қытайға "мейірімді" болуға уәде етті
Фото: Insta:realdonaldtrump

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдан әкелінетін тауарларға салынатын кедендік баж салығы төмендетілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ The Washington Post-қа сілтеме жасап.

145% – бұл өте жоғары, мөлшерлеме дәл сондай болмайды, - деді Трамп.

Оның айтуынша, баж салығы "айтарлықтай төмендейді", бірақ нөлге жетпейді.

Сондай-ақ ол Қытайға "өте ілтипатты" қарайтынын және Пекинмен қатал ойнамайтынын жеткізді.

Еске салайық, АҚШ Қытай тауарларына қатысты тарифтерді ақпан айында енгізе бастаған. Ал сәуірдің ортасына қарай америкалық баж салығы 145%-ға жетті. Бұған жауап ретінде Пекин АҚШ өнімдеріне салынатын салықты 125%-ға дейін көтеріп, кейбір пайдалы қазбалардың экспортын шектеді. Сол кезде Ақ үй Қытайға 245%-дық баж салығын енгізу қаупі туралы ескерту жасаған еді.

Өзгелердің жаңалығы