Трамп Иранға жаңа талаптар қойды 

Ақ үйдегі ақпарат көздерінің мәліметінше, Иранмен соғысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізу мүмкіндігі әлі де сақталып отыр.

 pixabay.com Бүгiн 2026, 11:00
Бүгiн 2026, 11:00
192
Фото: pixabay.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға бірыңғай қарсы ұсынысты келісу үшін тағы бірнеше күн беруге дайын. Әйтпесе, өзі ұзартқан уақытша бітім аяқталады, деп хабарлайды BAQ.KZ Axios басылымына сілтеме жасап.

Трамп ирандықтарға өз ұстанымын пысықтап алуға мүмкіндік беру үшін бітімді тағы үш-бес күнге ұзартуға дайын. Алайда бұл мерзім шексіз болмайды, – дейді басылымның дереккөзі.

Ақ үйдегі ақпарат көздерінің мәліметінше, Иранмен соғысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізу мүмкіндігі әлі де сақталып отыр. Дегенмен Трамп әкімшілігі Тегерандағы ішкі алауыздыққа байланысты АҚШ-пен бейбіт келісім жасауға өкілетті тұлға табылмауы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Еске салайық, бұған дейін Трамп Иранға қатысты атысты тоқтату режимін ұзарту туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген болатын.

Оның айтуынша, Иранға соққыларды уақытша тоқтата тұру туралы өтінішпен Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф жүгінген.

Наверх