АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат уақыт берілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол Truth Social желісінде жариялаған жазбасында бұл талап «ешқандай қауіп-қатерсіз» орындалуы тиіс екенін атап өтті. Трамптың айтуынша, егер белгіленген мерзімде талап орындалмаса, АҚШ Иранның электр станцияларын «жер бетінен жояды».
Еске сала кетейік, 11 наурызда Иран Қарулы күштері орталық штабы «Хатам әл-Анбия» өкілі Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін әлемдік мұнай экспортының шамамен бестен бір бөлігін, сондай-ақ АҚШ пен оның одақтастарына бағытталған кез келген отын жүктерін тасымалдауға мүмкіндік бермейтінін мәлімдеді.
Ал 15 наурызда Тегеран қарсы тарапты берілуге мәжбүр ету үшін кез келген әдісті, соның ішінде Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысын бақылауды қолдануы мүмкін екенін ескертті.