2026-2027 оқу жылында еліміздегі 8 мыңнан астам мектепте 4,1 млн оқушы білім алады. Биыл 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа қабылданады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жаңа оқу жылына дайындық аясында мектеп инфрақұрылымын жаңарту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оқулықтарды жеткізу және білім беру мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
1 қыркүйекте еліміздің мектептерінде бірыңғай сынып сағаттары өткізіледі. Ал колледждерде кураторлық сағаттар ұйымдастырылады, - деді Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
Оның айтуынша, сынып сағаттары барлық сыныптарда өтеді. Әр іс-шараға шамамен 45 минут уақыт жоспарланған. Ал колледждерде кураторлық сағаттар ұйымдастырылады.