Айбек Дәдебайдың үш орынбасары сайланды

28 Тамыз 2026, 15:12
АВТОР
 Ақорда 28 Тамыз 2026, 15:12
28 Тамыз 2026, 15:12
224
Фото: Ақорда

Қазір Астанада өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы отырысында депутаттар халыққа ант қабылдап, жаңа заң шығарушы органның басшылығын қалыптастыруға кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін Құрылтай төрағасы сайланды. ол депутат Айбек Дәдебай. Енді оның үш орынбасарын сайлау мәселесі күн тәртібіне шығарылды.

Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, Құрылтай төрағасы орынбасарларының кандидатураларын өзі ұсынады. Оларды депутаттар көпшілік дауыспен сайлайды.

Құрылтай төрағасының орынбасарлары қызметіне үш кандидат ұсынылды.

Олардың қатарында Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров, Дәния Еспаева және Динара Зәкиева бар.

Кандидатуралар депутаттардың қарауына ұсынылып, дауыс беру арқылы сайланды.

Осылайша, Құрылтайдың алғашқы сессиясында жаңа заң шығарушы органның негізгі басшылық құрамы толық қалыптасты.

Бұған дейін Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды.

Наверх