Трамп АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің басталғанын мәлімдеді

АҚШ президенті келіссөздердің ресми түрде басталғанын журналистерге растады

 pixabay.com 11 Сәуір 2026, 17:45
11 Сәуір 2026, 17:45
285
Фото: pixabay.com

АҚШ пен Иран арасындағы келіссөз үдерісінің басталғаны туралы ақпаратты Donald Trump NewsNation арнасының журналисі Келли Мейерге айтқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мен одан келіссөздер ресми түрде басталды ма деп сұрадым, ол бұл сұраққа оң жауап берді, – деп мәлімдеді журналист Келли Мейер америкалық көшбасшымен әңгімеден кейін.

Оның сөзінше, Дональд Трамп  келіссөздердің қалай өтетінін әзірге болжай алмайтынын, алайда қажет болған жағдайда «бәрін қайтадан нөлден бастауға» дайын екенін жеткізген.

 
Наверх