Трамп АҚШ-та вакцинация бірер күнде басталатынын мәлімдеді

12 Желтоқсан 2020, 11:47
1858
Бөлісу:
Трамп АҚШ-та вакцинация бірер күнде басталатынын мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. FedEx және UPS бірлесе отырып АҚШ билігі коронавирусқа қарсы вакцинаны барлық штатқа және елдегі барлық мекен-жайға жеткізуді бастады. 

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы Pfizer және BioNTech компаниялары шығарған коронавирустық вакцинаны қолдануға рұқсат берді. Бұл туралы сенбі, 12 желтоқсанда New York Times газеті бірнеше дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Басылым Флорида штатында вакцина Джексонвилл, Майами, Орландо, Тампа және Голливуд ауруханаларына түседі деп жазады. Вермонт штатында препарат Вермонт университетінің медициналық орталығында қолжетімді болады.

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасы басқармасы BioNTech және Pfizer компанияларының жаңа коронавирусқа қарсы вакцинасын тіркеу туралы үндеуін мақұлдағанын растады және АҚШ-та вакцинация 24 сағаттан аз уақыттан кейін басталады деп сендірді.

Бүгін еліміз медициналық ғажайыпқа қолжеткізді. Біз тоғыз ай ішінде қауіпсіз және тиімді вакцина жасадық. Бұл тарихтағы ең үлкен ғылыми жетістіктердің бірі. Мен Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасы басқармасы Pfizer вакцинасын мақұлдағанын қуанышпен хабарлаймын, - деп мәлімдеді америкалық көшбасшы жұма күні өзінің Twitter-дегі парақшасында.




Өзгелердің жаңалығы