Трактор жүргізушілері, есепшілер мен заңгерлердің жалақысы өседі

10 Қазан 2023, 10:15
668
Бөлісу:
Трактор жүргізушілері, есепшілер мен заңгерлердің жалақысы өседі
Фото: Артём Чурсинов - архив

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлының орман шаруашылығы мәселелеріне қатысты депутаттық сауалына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін депутат орман саласында жұмыс істейтін өрт сөндіру станциясының сарбаздары, трактор жүргізуші, автокөлік жүргізуші, өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі, тұқымбақ жұмысшылары, радио байланыс операторы, автокөлік жөндеуші, ағаш құлатушы, қарауылшық, кіші қызметкер, бас есепші, экономист, есепші-кассир, заңгер, механик, шаруашылық меңгерушісі, кадр маманы, іс жүргізуші лауазымдарындағы қызметкерлердің айлығы өспегенін мәлімдеген еді.

Бірақ 1 шілдеден бастап жалақысы өскендердің санатына «Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мекемелердің директоры, директордың орынбасары, орман өртін сөндіру станциясының басшысы, аңтанушы, орманшылық басшылары сияқты бірқатар маман ғана кірген.

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесін қорғау мекемелерінде жұмыс істейтін барлық маманның жалақысын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтты.

Ол атап өткендей, Үкіметтің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына енгізілген түзетулерге сәйкес ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға көтерілді.

Сондай-ақ Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы қызметкерлерінің жұмыс берушілері мен кәсіптік одақтарының өкілдерімен бірлесіп, бюджет қаражатын үнемдеу және тауарларды өткізу есебінен жоғарыда аталған үстемеақыларға жатпайтын әкімшілік қызметшілер (қызметі денсаулық пен өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты емес әкімшілік қызметшілер үшін жалақыны ұлғайту мүмкіндігін көздейтін Салалық келісім жасасты – экономистер, бухгалтерлер және т. б.) және табиғатты қорғау ұйымдарының штаттан тыс қызметкерлері (орман өрт сөндіру станцияларының қызметкерлері (тракторшылар, автомашина жүргізушілері, орман өрт сөндірушілері), мұнара бақылаушылары, радио-телефоншылар) үшін жалақыны ұлғайту мүмкіндігін көздейтін Салалық келісім жасасты (салалық коэффициентті 1.07.2023 ж. бастап – 1,7; 1.01.2024 ж. бастап – 1,85; с 1.01.2025г – - 2,0), - делінген Үкіметтің ресми жауабында.

Бұдан басқа, қоршаған ортаны қорғау мекемелерінің штат санының лимиттерін ұлғайту бөлігінде «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың аумақтық органдары мен оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің санын ескере отырып, олардың штат санының лимиттерін бекіту туралы» Үкіметтің қаулысына (алдын ала шамамен 800 адам) түзетулер мүдделі мемлекеттік органдарда келісіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы