Тoyota Қытайдағы жұмысын тоқтатты

7 Ақпан 2020, 18:02
1179
Бөлісу:
Тoyota Қытайдағы жұмысын тоқтатты

Алматы, BAQ.KZ. Тoyota компаниясы коронавирус инфекциясының кең таралуына байланысты Қытайдағы зауыттарының жұмысын уақытша тоқтататынын жариялады, деп жазады Курсив басылымы.

Компания мәлімдемесінде зауыттарды жабу туралы шешім "бөлшек жеткізу мен логистикадағы түрлі факторларды, соның ішінде, жергілікті және аймақтық әкімшіліктің ұсыныстарын ескере отырып", шығарылғаны жазылған.

Хабарламада зауыттардың 10-ақпаннан жабылып, 17-ақпаннан "жұмысын қайта жалғастыруға дайындалатыны" айтылған. Toyota-ның Қытайда автокөлік пен қажетті бөлшектерді шығаратын 12 зауыты бар.

Бұған дейін Starbucks та коронавирус эпидемиясы салдарынан, өз сауда нүктелерін жабатынын хабарлаған еді.

Айта кетсек, Қазақстан Қытайдан тауар тасымалдауға шектеу қоймайды. Үкімет коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу үшін бюджеттен 3,5 млрд теңге бөлді.


Өзгелердің жаңалығы