Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

10 Маусым 2019, 12:45
1045
Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының президенті сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады, деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты әрі қарқынды ілгерілету жөніндегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанған саясатын жалғастыратынын атап өтті. 

Мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 14-15 сәуірде Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтардың тиімді жүзеге асырылуы қазақ-өзбек қарым-қатынастарының дамуына тың серпін беретініне сенімділік білдірді.

Өзгелердің жаңалығы