Төтеншеліктер алматылықтарға ескерту жасады

23 Қараша 2023, 01:26
431
Бөлісу:
Төтеншеліктер алматылықтарға ескерту жасады
Фото: Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі

23 қарашада "Қазгидрометтің" Алматыда жауын-шашынға байланысты жариялаған дауылды ескертуінен кейін ТЖД баспасөз қызметі қала тұрғындарына кеңес берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқарушылар жол жүрісі бағытын қайта бағамдауды, көліктің жылдамдығын төмендетуді, көлік жарығын апаттық жағдайдағы қосуды немесе қатты жаңбырдың аяқталғанын күтуді ұсынады.

Сондай ақ Алматы қаласы ТЖД мынандай кеңестерді алға тартады:

  • жекеменшік үй-жайлардың иелері жаңбыр суын бұру үшін кәріз жүйелерін дайындау бойынша шаралар қабылдау;
  • егер жаңбырдың астында қалып кетсеңіз, сол маңдағы электр желілерінің бүтіндігіне назар аударыңыз;
  • ағаштардың немесе әлсіз нығайтылған құрылымдардың астында тұрмаңыз, олардың құлауы адамдардың жарақат алуына әкеліп соқтыруы мүмкін;
  • су тасқыны алмайтын ғимараттарды паналауға тырысыңыз.

Жаяу жүргіншілер де жолды кесіп өткенде абай болуы керек, өйткені жаңбыр кезінде адамдардың көрінбей қалу ықтималдылығы жоғары екенін ұмытпаңыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы