Төтенше жағдай: жабылған нысандар қызметкерге жалақыны қалай төлейді?

17 Наурыз 2020, 11:16
1553
Бөлісу:
Төтенше жағдай: жабылған нысандар қызметкерге жалақыны қалай төлейді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сауда, спорт, театр т.б. нысандардың иелері мүлік салығын төлеуден уақытша босатылады.

"Уақытша жабылған нысандар, сауда орталықтары мен мейрамханалар т.б. салық төлеуден бөлек, қызметкерлердің жалақысын қалай төлейді?" деген сұраққа ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жауап берді.

Бұл жерде бірнеше шешім бар. Біріншісі, егер жалақы есептелмесе, жалақыдан табыс салығы алынбайды. Бұл – бар норма. Ал егер жалақы төленеді, бірақ кассалық түсім жоқ болғандықтан, салықтық міндеттемелерді өтей алмаса, салыққа үстемақы салынбайды. Бұл – уақытша норма. Үшінші, жалпы бекітілген режим бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер осы жылға табыс салығынан босатылады. Бұл қаржыны үнемдеуге мүмкіндік беріп, жалақы төлеуге көмектеседі. Мұнымен қоса, салық төлеушілер категориясын мүліктік салық төлеуден босатылады. Бұлар, яғни сауда нысандары, спорт нысандары, театрлар, көрме нысандары т.б. мүлік салығын төлемейді. Бұл ғимарат иесіне жалға беретін орындардың бағасын төмендетуге септік етеді. Арендаға беретіндергі салықтық жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді, - деді министр Үкімет үйінде өткен онлайн-брифинг барысында.
Айта кетейік, коронавирустың Қазақстанға да таралуына байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 1 айға төтенше жағдай жариялаған болатын. Төтенше жағдайға сәйкес бірқатар нысанның жұмысына шектеу қойылды, кейбір қызметкер онлайн режимде жұмыс істеуге көшті, мектеп оқушылары демалысқа ерте жіберілді.
Өзгелердің жаңалығы