Төтенше жағдай: QAZAQ AIR билеттерге қатысты мәлімдеме жасады

16 Наурыз 2020, 13:35
1453
Бөлісу:
Төтенше жағдай: QAZAQ AIR билеттерге қатысты мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. QAZAQ AIR әуекомпаниясы төтенше жағдай кезінде ұшудан бас тартқысы келген жолаушыларға билетті қайтаруға мүмкіндік берді.

Бұл туралы отандық әуекомпанияның баспасөз қызметі хабарлады.
 

Құрметті жолаушылар! Қазақстанда 2020 жылдың 16 наурызынан бастап 15 сәуірге дейін төтенше жағдай орнауына байланысты QAZAQ AIR әуекомпаниясы тек мемлекетішілік тасымалдауды жүзеге асырады. Бұл әуекомпания ұшақтарында COVID-19 коронавирусының таралу қаупі төмендегенін білдіреді. Әуекомпания жолаушыларға жер бетінде және бортта қызмет көрсету неғұрлым қауіпсіз және ыңғайлы болуы мақсатында қосымша арнайы шаралар режимін іске қосты. QAZAQ AIR әуе рейстері жоспарланған кестеге сәйкес кешігусіз жүзеге асырылып жатыр, - делінген хабарламада.  

Әуекомпания 2020 жылдың 16 наурызынан 15 сәуіріне дейінгі төтенше жағдай кезінде ұшудан бас тартқысы келетін жолаушыларға барлық рейстерге билеттерін айыппұл санкцияларынсыз қайтаруға мүмкіндік беріп отыр:

1.      "Бюджеттік" тарифі бойынша берілген уақытынан кейін 12 ай бойы қолданыста болатын датасы ашық ваучер ұсынылады;

2.      "Жайлы" және "Оңтайлы" тарифтері бойынша билет құнын толық өтелуі.

Билетті қайтару үшін:

1.      Flyqazaq.com арқылы сатып алған жағдайда немесе әуекомпания кассаларында info@flyqazaq.com сайтында өтінім жіберу керек;

2.      Агент арқылы сатып алған жағдайда, алған жеріне барып жүгіну қажет. 

Өзгелердің жаңалығы