Төтенше жағдай: Ертең мемкомиссия ТЖ режиміне қатысты шешім қабылдайды

10 Мамыр 2020, 15:26
2384
Бөлісу:
Төтенше жағдай: Ертең мемкомиссия ТЖ режиміне қатысты шешім қабылдайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында ертең Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған мемлекеттік комиссия мүшелері Төтенше жағдай режиміне қатысты шешім қабылдайтынын жазды.

Ертең, яғни 11 мамыр күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді. Жиын барысында Мемлекет басшысы коронавирустың қазіргі ахуалын саралап, Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейінгі Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың алдағы стратегиялық іс-әрекетін айқындайтын мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр, - деп жазды Берік Уәли.

Өзгелердің жаңалығы