Төтенше жағдай кезінде мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілерді елге әкелуге болады

15 Шілде 2023, 11:13
818
Бөлісу:
Төтенше жағдай кезінде мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілерді елге әкелуге болады
Фото: Артём Чурсинов

Мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде ел аумағына әкелуге рұқсат етілетін жағдайлар тізбесі бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қол қойған бұйрықта айтылған.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде ҚР аумағына әкелудің мынадай жағдайлары айқындалсын:

- Қазақстан Республикасының аумағында халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше ахуалдарды болғызбауға немесе олардың салдарын жою;

- төтенше жағдай енгізу кезеңі;

- аса қауіпті инфекциялық және паразиттік аурулардың профилактикасы және оларды емдеу;

- орфандық (сирек кездесетін) ауруларды емдеу үшін.

Құжат ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 24 шілдеде күшіне енеді.

Өзгелердің жаңалығы