Төрт турист "Шайтан көліне" барып, адасып кеткен

7 Желтоқсан 2024, 23:55
482
Бөлісу:
Төрт турист "Шайтан көліне" барып, адасып кеткен
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

ТЖМ құтқарушылары адасып қалған туристерді тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында төрт турист "Шайтан көлі" бағытына бет алған.

Олар жергілікті жерге жетпей, қараңғы түскеннің салдарынан кері қайта алмай адасты. Жақын орналасқан биік тауға шығып, құтқару қызметіне қоңырау шалды. Құтқарушылар аталған координаттар бойынша жедел түрде шақыру орнына келді. Тепловизоры мен түнгі камерасы бар ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен "Берлога" демалыс аймағынан төрт шақырым жерде жоғалған адамдар табылды, - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Туристер құтқарушыларға алғыстарын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы