Төрт баланың өлімі. Еңбек министрі Аягөздегі оқиғаның мән-жайын айтты

26 Қазан 2023, 11:58
1818
Бөлісу:
Төрт баланың өлімі. Еңбек министрі Аягөздегі оқиғаның мән-жайын айтты
Фото: Еңбекмині

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Аягөздегі өрттен қаза тапқан балалардың ата-аналарына қандай көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда комиссия жұмыс істеп жатыр. Балалардың әкесі жедел жәрдем қызметінде жұмыс істейді. Анасы азық-түлік алуға шыққан. Балалар үйде жалғыз қалған. Негізі балаларды жалғыз қалдыруға болмайды. Бұрын Астанада, Жамбыл облысында осындай оқиғаға бәріміз куә болсақ, бүгінде Аягөзде болып отыр. Сондықтан комиссия енді өз шешімін қабылдайды. Біз өз тарапымыздан тек психологиялық қолдау көрсетеміз, - деді Еңбек министрі «Өзгеріс дәуіріндегі еңбек нарығы» халықаралық конференциясы алдында.

Еске салсақ, 2023 жылғы 25 қазанда Аягөз қаласында өртенген үйден 4 баланың денесі табылғаны белгілі болды. Кейбір дерекке сәйкес оның екеуі егіздер. Бүгін Бас прокуратура балалардың өліміне қатысты тергеу басталғанын мәлім етті.

Өзгелердің жаңалығы