Торғайдағы той

1 Қазан 2022, 14:49
2012
Бөлісу:
Торғайдағы той
Фото: автордан

Қасиетті Торғай жерінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы өтіп жатыр деп хабарлайды Қостанай облысындағы BAQ.KZ тілшісі.


Көптен күткен дүбірлі той Торғай жеріндегі ұлт ұстазыАхмет Байтұрсынов пен алаш арысы Мыржақып Дулатовтың еңселі  ескерткішінің ашылу салтанатымен басталды. Осынау ерекше салтанатқа ҚР Праламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов арнайы қатысты. Алаш арыстарының ескерткішін ашу құрметі Мәулен Әшімбаев пен көрнекті жазушы Қойшығара Салғараұлына бұйырды.

«Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша осынау дүбірлі тойдың қуанышын бөлісуге арнайы тектілердің мекені Торғай жеріне келдім.Аханның халқымыз үшін алар орыны ерекше. Оның туған жерінде керемет мұражай ашылып, ғылыми конференция өтетіні көңіл қуантады. Өздеріңіз байқап тұрғандай бұл ескерткіште Мыржақып Дулатовтай арысымызға арналған тұстарыда бар. Кезінде «Оян, казак» үндеуінің авторы, ұлт ұстазы Ахметпен бірге қазақ халқының болашағы үшін күресті. Үзеңгілес досы болды», - дейді Мәулен Әшімбаев. 

Торғайдағы той

Ескерткіш ашылған соң жиналған қауым тұғырға гүл шоқтарын қойып, қазақ арыстарының рухына тағызым етті. Торғайда бой көтерген ерекше ескеркішке қарап тұрып Ахмет Байтұрысынұлы мен Міржақып Дулатұлының ұрпақтары алдында бейне бір тілдесіп тұрғандай әсер аласың. 

Торғайдағы той

Ескерткіш Ахмет Байтұрсынұлы пен Мыржақып Дулатұлының мұражайының дәл алдында орналасқан. Музей бірнеше бөлмеден тұратын жаңа ғимарат. Онда Алаш арыстарына қатысты тың деректер мен түрлі жеке заттары орналасқан, Оның сыртында мұражайда Жангелдин ауданының тумасы болып табылатын Кенжеғали Сағадиевтің жұмыс үстелі қойылыпты.

Торғайдағы той

Қазір ұлт ұстазының мерей тойы аудан орталығындағы «Топжарған» стадионына жалғасбақ. Онда бірқатар спорттық және мәдени шаралар өтеді деп жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы