Төрехан Асанхан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында күміс медаль еншіледі

 Ұлттық олимпиада комитеті 11 Тамыз 2026, 23:25
11 Тамыз 2026, 23:25
94
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны күміс жүлдемен толықты.

70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Төрехан Асанхан қоссайыс қорытындысы бойынша 269 келіні (119+150) бағындырып, екінші орынға ие болды.

Алтын жүлдені Таиланд өкілі Витчая Пратхумта 273 келі (119+154) нәтижесімен жеңіп алды.я

Ирандық Реза Замани 268 келі (122+146) көрсеткішпен қола жүлдеге ие болды.

Наверх