Төреғали Төрәлі тағы сотталатын болды

21 Қыркүйек 2023, 23:14
20729
Бөлісу:
Төреғали Төрәлі тағы сотталатын болды
Фото: instagram.com/toregali_tolkyn.fc

Алматы қаласы Түркістан аудандық сотында әнші Төреғали Төрәлінің ісі қайта қаралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласы Түркістан аудандық сотында Т. Әлихановқа қатысты (Төреғали Төреәлі) ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы, 1-бөлігі, яғни қызметтік міндетін атқарушы билік өкілін қорлау бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр, - делінген сот хабарламасында.

Төреғали Төрәлі бүгінгі таңда әлеуметтік желіде белсенді. Әнші Instagram-дағы stories-те киіз үйде отырған сәтінің видеосын жүктеген. Видео сыртында: "Сіз маған сенің енді ешқандай мүмкіндігің жоқ, сенде Құдайға жолдаған дұға-тілектеріңнен басқа түгің де жоқ дегенсің. Мәжін, ал маған одан басқа түктің де керегі жоқ" деген Мұхаммед Әлидің сұқбатынан үзіндінің дауысы естіледі.

instagram.com/toregali_tolkyn.fc/
Өзгелердің жаңалығы