Тоқаевтың Мәскеуге сапары аяқталды

17 Мамыр 2022, 01:45
1176
Бөлісу:
Тоқаевтың Мәскеуге сапары аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент мінген ұшақ елге ұшып шықты, деп жазды БОРТ N1 Телеграм-арнасы.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путиннің және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысу үшін Мәскеуге барған болатын

16 мамыр күні Тоқаев ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммитіне қатысу үшін Кремльге барды. Саммит барысында Президент Ауғанстандағы қарулы топтардың белсенділігі мемлекеттеріміздің қауіпсіздігіне қатер төндіріп отырғанына тоқталды. ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммиті аяқталғаннан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті    

Өзгелердің жаңалығы