Чип тапшылығы Қытайды америкалық AI технологияларын пайдалануға итермеледі

Биыл қаңтарда сегіз мемлекеттік ведомство жариялаған ұлттық шаралар пакетінде де дистилляция тәсілдері қарастырылған.

 depositphotos.com 18 Қараша 2026, 02:34
18 Қараша 2026, 02:34
40
Фото: depositphotos.com

Қытайдың жасанды интеллект әзірлеушілері АҚШ-тың озық чиптер экспортына енгізген шектеулеріне байланысты америкалық AI модельдерінің жұмыс нәтижелерін өз технологияларын жетілдіру үшін қолдана бастаған. Reuters агенттігінің хабарлауынша, олар бұл мақсатта «дистилляция» әдісіне жүгінеді.

Агенттік 300-ден астам ғылыми зерттеуді, патентті, корпоративтік есеп пен мемлекеттік құжатты саралаған. Нәтижесінде бұл тәсілдің академиялық эксперименттерден асып, Қытай өнеркәсібінде кеңінен қолданыла бастағаны анықталған.

Дистилляция кезінде қытайлық әзірлеушілер америкалық AI модельдеріне түрлі тапсырмалар беріп, алынған жауаптарды өздерінің шағын әрі ресурсты аз қажет ететін жүйелерін оқытуға пайдаланады. Компаниялар бұл процесті автоматтандыру құралдарын да әзірлеген.

Қытай үкіметі америкалық модельдерді дистилляциялауға тікелей нұсқау бермегенімен, жасанды интеллектті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларда модельдерді оқыту және жетілдіру әдістері қолдау тапқан. Биыл қаңтарда сегіз мемлекеттік ведомство жариялаған ұлттық шаралар пакетінде де дистилляция тәсілдері қарастырылған.

Бұл тәжірибе АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық бәсекелестіктің жаңа тақырыбына айналды. Reuters дереккөздерінің мәліметінше, шілде айында екі ел шенеуніктері арасында осы мәселеге байланысты келіспеушілік туындаған.

Соңғы айларда қытайлық әзірлеушілер шетелдік модельдерді қалыпты пайдалану мен олардан жүйелі түрде дерек жинап, өз технологияларын оқыту арасындағы шекараны нақтылау үшін салалық реттеуші органға жүгінген. Ал Қытайдың Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігі Reuters сауалына жауап бермеген.

Наверх