Мемлекет басшысы Мәскеуге барды

16 Мамыр 2022, 00:56
2207
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Мәскеуге барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ресей Президенті Владимир Путиннің және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысу үшін Мәскеуге келді, - делінген хабарламада. 

Ұйымның іс-шарасы ертең, 16 мамыр күні Кремльде өтеді.
 

Өзгелердің жаңалығы